Сондай-ақ мәжілісте Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Н.Жүнісов су қоймаларының қауіпсіздігі қадағаланып отырғандығын жеткізіп, 2018-2019 жылдардың қысқы кезеңін қауіпсіз өткізу мақсатында болуы мүмкін төтенше жағдайларды жоюға арналған жұмыстар әзірленгендігін айтты.
«Облыс аумағында қыс мезгілі жыл сайын автомобиль жолдарында күрделі болып өтеді. Осы асулардың республикалық маңызы жолдарында – 7, облыстық маңызы бар жолдарда 4 жылыту бекеті орналасқан. Облыстық азаматтық қорғаудың авариялық және шұғыл қызметтері арасындағы өзара ақпараттық іс-қимылын реттейтін құжаттарға түзетулер енгізіліп, пысықталды», - деді Нұрғали Жүнісов.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.