Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2024 16:11

Отырар ауданы: аппарат мәжілісінде ауыл округтері әкімдерінің 8 айдағы жұмыстарын бағалаудың рейтингтік көрсеткіштері талқыланды

Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлімдер мен мекеме басшылары, ауыл округтерінің әкімдері қатысты. Мәжілістің күн тәртібінде референдумға дайындық жұмыстары, ауыл округтері әкімдерінің 8 айдағы жұмыстарын бағалаудың рейтингтік көрсеткіштері туралы және өзге де өзекті мәселелер қаралды.

Алдымен бірінші мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Ашим Елеусизов баяндаса, ауыл округтері әкімдерінің 8 айдағы жұмыстарын бағалаудың рейтингтік көрсеткіштері туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбай хабарлама жасады.

Жиында ауыл округтердегі жұмыс орындарын құру, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны, азаматтар өтініштерін уақытылы қарау және шағын орта кәсіпкерліктің өнім шығарылымы бойынша көрсеткіштері мен осы бағыттағы жоспарлы жұмыстарды кезең-кезеңімен іске асыру үшін қажетті шараларды тиісті деңгейде ұйымдастырудың маңыздылығын айтқан Қайрат Жолдыбайұлы жауапты бөлім басшылары мен ауыл округтерінің әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Мұнан соң аудандағы құрылыс жұмыстарының барысы, жылыту маусымына дайындық, «Таза Қазақстан» аясында атқарылған жұмыстар, ауыл округтері бойынша тұрғын үйлердің газға қосылу барысы, жер қайтару және мектептерді жөндеу жұмыстарының барысы туралы мәселелер бойынша жауапты сала басшылары хабарлама жасады.

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарды жандандыру керектігін айтып, жауапты бөлімдер мен ауыл окрутерінің әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 87 рет