Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев - “Халықаралық Рухани келісім күні алғаш рет 1992 жылғы 18 қазанда өткізілді. Бұл мерекеге биыл 32 жыл толып отыр. Ұлтымыз бен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін осы күн – қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні. Сондықтан да бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен гүлдену мерекесі ретінде атап өтіледі. Тұтастай алсақ, діни ахуал тұрақты”, деді.
Шарада аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ахметов, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің Сауран аудандық филиалының басшысы А.Раматуллаев сөз сөйлеп, бірлік пен дінаралық татулық жолында дін өкілдерінің еңбегі жоғары екендігін айтып, бүгінгі мерекелерімен құттықтады. Кездесу соңында аудан әкімінің орынбасары Б.Букебаев дін өкілдеріне алғысын білдіріп, аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.
«AQ-QARA.KZ»- ақпарат