Сәрсенбі, 06 Қараша 2024 18:54

ҚХА жанындағы Сауран аудандық құрылымдардың IV тоқсандық отырысы өткізілді

Аталған жиынға «Қоғамдық келісім» КММ-сі Сауран аудандық филиалының басшысы,Ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Байғазыұлы, Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесі, Жастар ресурстық орталығының мамандары, Білім бөлімі,құқық қорғау органдары және өзбек этномәдени бірлестігі қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер: 1. «Салауатты сана» жобасы аясында бес әлеуметтік кеселмен күрес (нашақорлық, құмар ойындарға тәуелділік, отбасы және әлеуметтік зорлық- зомбылық, вандализм, ысырапшылдық.)2. Мектептердің жылу маусымына дайындығын пысықтау.

Жиынның басты мақсаты- қауіпсіз өмір сүру үшін қауіпті кеселдерді болдырмау, алдын алу. Бірінші мәселе бойынша Сауран ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Алентаев Алихан Уласбекович лудомания мен нашақорлыққа тәуелділік жайында баяндама жасаса, екінші мәселе бойынша білім бөлімінің басшысының м.у.а Адилбеков Мейіржан мектептердің жылу маусымына дайындығы жөнінде баяндама жасады. Пікір алмасу барысында аналар кеңесі төрайымдары, Жастар ресурстық орталығының басшысы Дүйсенбекова Айгерім жастар мен жасөспірімдердің қауіпсіз өмір сүру үшін қауіпті кеселдерді болдырмау, алдын алу жайлы бірқатар пікірлерін айтып өтті.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің Сауран аудандық филиалының басшысы Арсылан Раматуллаев жиынды қорытындылай келе, алдағы уақытта да осы бағытта бірлесіп жұмыстар атқаруға шақырды.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Оқылды 313 рет