Кеңес мүшелері, мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, Еркін Сатқанбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев және Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің басшысы, Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ жетекшісі Қайрат Анарбаев, қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы Сәкен Жаңабаев сөз сөйлеген жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Адал азамат», «Салауатты сана» жобаларын іске асыру және «Ақсақалдар – ұлттық құндылықтар мен ұрпақтар сабақтастығының басты жанашыры» тақырыптары аясында ұсыныстар мен ой-пікірлер айтылды.
Қалалық ҚХА жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Ақсақалдар кеңесі азаматтарды қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтары төңірегінде шоғырландыруға жәрдемдесу, азаматтар, мемлекеттік және қоғамдық институттар арасындағы сындарлы коммуникациялар мен өзара іс-қимылды нығайту, жастар арасында патриотизм идеяларын ілгерілету және патриоттық тәрбие беру, қоғамдық келісімді нығайту мәселелері жөніндегі диалогты ұйымдастыруға жәрдемдесу сынды бірқатар міндеттер аясында қоғамдық негізде әрекет етеді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» – ақпарат