Бейсенбі, 27 Ақпан 2025 15:17

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ОЛЖАС БЕКТЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Президентке экономиканы әртараптандыру мен нақты сектордағы ауқымды бағдарламаларды қолдау арқылы ынталандыруға және инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы таныстырылды.

Премьер-Министр жылыту маусымын өткеру, көктемгі егіс жұмыстарына және су тасқынына қарсы дайындық шаралары туралы айтты. Президент Премьер-Министрге экономиканың қарқынды өсімін және әртараптандыруды қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Инфрақұрылымды жетілдіруге, энергетика мен коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға қатысты міндеттерді іске асыру мақсатында жүйелі шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.

«WWW.AQ-QARA.KZ» – ақпарат

Оқылды 452 рет