Форумда интернет алаяқтық, нашақорлық, діни экстремизм, жалпы құқық бұзушылықтар және жасөспірімдер арасындағы қылмысқа қарсы күрес мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жиында нашақорлыққа қарсы күресудің маңызы мен есірткі заттарын тұтынудың алдын алу жолдары айтылды.
Діни экстремизм мәселесі де форумда назардан тыс қалмады. Құқық қорғау органдары мен діни қызметкерлері діни экстремизмнің алдын алу, діни ағымдардың қоғамға тигізетін теріс ықпалын азайту керектігін айтты. Одан бөлек, жасөспірімдерге қатысты қылмыстардың алдын алу, тәрбие және білім беру мекемелерінің рөлі айтылды. Құқық қорғаушы мамандар жасөспірімдер арасында тәртіпті сақтауға, қоғамның бұл мәселеге бей-жай қарамауына ықпал ету қажеттігін атап өтті. Жалпы шара аудан тұрғындары үшін құқықтық білім мен сананы арттыруға, қоғамда әділдік пен құқықтық тәртіптің орнауына маңызды үлес қосады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат