Оның айтуынша, жолдар сапасын арттыру, инфрақұрылымды дамыту және халықтың жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында жаңа жобалар жоспарланып отыр. Әсіресе, ауылдық елді мекендермен байланысатын жолдардың жағдайы жақсартылып, транспорттық инфрақұрылым нығайтылмақ.
Екінші мәселе, Марокколық шегірткеге қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы болды.«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Сауран аудандық филиалының директоры Нұрила Әбдіқалықова баяндама жасады.
2024 жылы марокко шегірткесінің дернәсілдеріне 33 мың гектар жайылымдық жерлерде анықтау-зерттеу жұмыстары жүргізілген. Қорытындысында, шегірткелердің таралуы 8 815 гектарға жеткен. Оның ішінде 5 515 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп, шегірткелердің көбеюі мен таралуы тоқтатылған.
2025 жылға арналған жоспар бойынша, аудандағы 715 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізу жоспарланған. Бұл жұмыстардың мақсаты – ауылшаруашылық өнімдерінің сақталуын қамтамасыз ету және фермерлердің табысын қорғау. Әкім аппаратында өткен мәжіліс қорытындысында аудан әкімі жергілікті жерлерде осы жұмыстарды жедел түрде жүзеге асыру қажеттігін айтты. Сонымен қатар, нәтижелерді қадағалау үшін арнайы мониторинг жүргізуге тапсырма берді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат