Мәжіліс барысында аудан басшысы әр ауылдық округтегі жоспарланған жобаларды жеке-жеке саралап, маңыздылығына тоқталды. -«Әрбір бастама – ел игілігі үшін. Сондықтан, жобаларды жүзеге асыруда ұқыптылық пен жауапкершілік бірінші орында болу керек. Немқұрайлылыққа жол жоқ. Халықтың мұң-мұқтажына шынайы жауап беретін, нақты нәтиже беретін істерге басымдық берілуі тиіс», – деген аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеп, әр қаржының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын қадағалауды тапсырды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат