Сейсенбі, 13 Мамыр 2025 14:34

Ордабасы: аудан әкімі аппарат жиынында нақты міндеттер жүктеді

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Кезекті мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауыл округтерінің әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша алғашқы сөз кезегінде аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Маратбек Туреев аудан әкімінің тұрғындармен кездесуінде көтерілген мәселелердің орындалу барысы туралы баяндады. Бөлім басшысы аудан басшысының тұрғындардың ұсыныс-пікірлерінің негізінде түзілген тапсырмаларының ауыл округтеріне бөлінісін және орындалған, орындалмаған бөлігінің жалпы есебін көрсетіп, тапсырмалардың орындалу барысында бірқатар кемшіліктер бар екенін атап өтті.

Келесі кезекте, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Берік Алтынбеков көктемгі дала жұмыстарының орындалу барысы туралы мәлімдеді. Бөлім басшысы баяндамасында биылғы көктемгі дала жұмыстарының, егістік жерлердің қамтылу ауқымының, қандай дақылдарға басымдық беріліп отырғанын, ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы қандай деңгейде екенін, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесін толық қамтып өтті.

Өз кезегінде Ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Ысқақ назардан түспейтін қазіргі қоғамдық саяси ахуал жайлы мәлімдеп, осы тұрғыда ұсынысын жеткізді.  Мәжілісте снымен қатар күн тәртібінен түспейтін, «Таза Қазақстан» акциясы, абоненттерді табиғи газ бен ауыз су жүйесіне қосу, азаматтарды әскеге шақыру жөнінде кеңінінен талқыланып тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.

Жиын соңында аудан әкімі қаралған мәселелер жөнінде сала орынбасарлары, аппарат қызметкерлері мен ауыл округінің әкімдері және тиісті бөлім басшыларының жұмыстарына біршама қатаң ескертулер жасап, алдағы жұмыс жоспарына нақты міндеттер жүктеп, орындалу барысын жіті бақылауда ұстайтындығын айтты.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 25 рет