Жексенбі, 11 Қараша 2018 16:46

Түркістанда «Қыс-2018» оқу-жаттығу дайындығы өтті

Түркістан қаласында «Қыс–2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Шара аясында төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын техниканың дайындығы тексерілді. Кәсіпорындар мен Азаматтық қорғау және құтқару қызметтері күш-құралдарының мүмкіндіктері сараланды. 

Оқу-жаттығу жұмыстарына 38 құтқарушы мен  18 бірлік техника жұмылдырылды. Осы салаға жауапты Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Таңатаров азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының қыс мезгілінде орын алатын төтенше жағдайларға әзірлігіне жетекшілік етті.  Оқу-жаттығу сценариі бойынша қалааумағында орналасқан «Жылу беру» мекемесінің қазандықтарының бірінен өрт орын алады. Осыған байланысты ТЖ қызметкерлері қосалқы қазандықты іске қосты. Өртті дер кезінде өшіріп, құтқару жұмыстарын жүргізді.  Дайындық шарасының негізгі мақсаты – орын алған келеңсіздікті тез арада жою. Айта кетейік, қазірдің өзінде облысымызда қыс мезгіліндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 40 тонна тұз бен 6 мың тонна құм әзірленген.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 820 рет