«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Мұны облыс халқының жастары ерекше ықыласпен қабылдады. Қазіргі таңда Жастар жылын өткізу жөніндегі ел Үкіметі жол картасын әзірлеуде. Бұл жобаға Түркістан қаласында өтетін ірі көлемді халықаралық іс-шаралар енгізілуде. Мәселен, келер жылы Орта Азия елдері жастарының Форумы, түркі тілдес мемлекеттердің жастарының конгресі ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, облыстағы әр ауданның белсенді жастары ай сайын «Түркістанға тарту» атты шығармашылық шаралар өткізілмек. Баршаңызды осы сынды игілікті істің қасында болып, Түркістанымызды дамытуға шақырамын», – деді Жансейіт Қансейітұлы.
Жастар жағы Түркістан өңірінде өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасалып жатқаны көңіл қуантатынын жеткізді. Өз кезегінде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, Дүниежүзілік Тоғыз құмалақ Федерациясы спортшыларының жетекшісі, Тоғыз құмалақтан әлемнің 7 дүркін чемпионы Әсел Далиева, өзі жеткен жетістіктерін өңіріміздегі жастарға көрсетілген қолдаумен байланыстырады. «Қазіргі таңда өңіріміздің жастары түрлі салалардағы байқаулар мен сайыстарда биік белестерді бағындырып жүр. Бұл ретте, жастарға жасалып жатқан қолдаудың маңызы орасан зор. Бүгінде жатықтырушының да қызметін қоса атқарудамын. Мұның барлығы Сіздің біздерге деген сеніміңіз, жас спортшылардың бойына артылған үлкен үміт. Облыс орталығының Түркістан қаласына ауысуы тоғыз құмалақ спорт түрінің одан ары жандануына мүмкіндік беретінін айтқым келеді. Яғни, жаңа ғимараттар мен спорт алаңшаларының салынуы жас спортшылардың жаңа қырынан көрінуіне есік ашатыны сөзсіз. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып облысымыздың тек алдыңғы қатардан көрінуіне үлес қосатынымызға сенім білдіргім келеді», – деді Әсел Егізбайқызы.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»