Жұма, 14 Желтоқсан 2018 15:45

Агенттік төрағасының орынбасары Түркістан облысының активімен кездесті

Апта сәрсенбісінде Түркістан облысының әкімдігінде өңірге іссапармен келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Шайымова облыс активімен кездесті. 

Іс-шараға министрліктердің аумақтық департамент басшылары, жергілікті атқарушы орган басшылары, қала, аудан әкімдері, облыстық арнайы мониторинг тобының, қоғамдық кеңес мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиынға төрағалық еткен облыс әкімінің орынбасары М.Н.Отарбаев «Елбасы өз Жолдауында "Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер" жобасын іске асыруды тапсырды. Бүгін «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің салтанатты ашылды» - деп атап өтті.

Кездесуде сөз алған Агенттік төрағасының орынбасары «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасын кеңінен баяндап берді. Сондай-ақ А.Шайымова Агенттік тарапынан бастау алған кіші бағдарламалар мен қолға алынған жобалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды тиімді жүргізудегі, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті. 

Іс-шара соңында жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 979 рет