Жұма, 22 Наурыз 2019 11:57

Елордамыз – «Нұр-Сұлтан»

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! 

Бүгінде біз көгінде көк туы желбіреп, әлем таныған, шекарасы бекітіліп, халқы достық пен өзара ынтымаққа ұйыған, жер жәннаты саналған берекелі елде өмір сүрудеміз.  

Сіздің халыққа арнаған Үндеуіңізден кейін ел тарихының тағы бір жаңа парағы ашылып, егемен еліміздің күнтізбесінде тағы бір маңызды сәтке куә болып отырмыз. Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақ елі мен жерін соқтықпалы-соқпақсыз, тар жол-тайғақ кешу талай кезеңдерден, замананың  қатал сындарынан сүріндірмей, іргесі мен еңсесін сақтап қана қоймай, бүгінде әлемге танылып, әлем мойындаған мемлекеттің негізін қалаған қайраткер тұлғасыз.

Сіз «елім еңсесін тіктесін, халқымыз бейбіт аспан астында ғұмыр кешсін, тұрмысы түзелсін, өзара татулықты арқау етсін» деген қағидаттарды ұстанып, ел жолында тынымсыз еңбек еттіңіз. Жаһанда жер көлемі жағынан алғашқы ондыққа кіретін Ұлы дала төсінде тұратын сан алуан этнос өкілдерін ұлы мақсатқа ұйыстырып, тәуелсіз Қазақстанның қабырғасын қатайту принципімен отыз жылға жуық жүйелі жұмыс атқарған кемеңгер тұлға да – Өзіңіз.  

Бұл тұрғыда біз – Қазақ мемлекеті дүниежүзілік қауымдастық алдында шын мәнінде берекелі бірлік пен тұғырлы татулықтың озық үлгісін ұсындық. Осы сынды сындарлы саясаттың барлығы Тұңғыш Президентіміздің жүйелі жұмысының жеңісі мен жемісі деп білеміз.

Ұлт көшбасшысы ретінде Сіздің ерен еңбегіңізді ел-жұртыңыз, туған халқыңыз әрдайым мойындайды. Елбасы мен ел сөзі – егіз ұғым.

Өзіңіз іргесін қалаған бас қала «Нұр-Сұлтан» аталуы – расында, Сізге жасалған лайықты құрмет. Өзіңіз отыз жыл тер төккен еліміздің мәртебесі мұнан да биіктеп, Сіз салып берген сара жолдың әрі қарай болашақта да жарқын болатынына сенімдіміз.

Елорданың «Нұр-Сұлтан» деп аталуын біз шын жүрегімізбен қолдаймыз.

Өзіңізге деген ізгі құрметпен, Шымкент қаласының ардагерлері:

1. Исамудин Нәштайұлы Рысбай – Шымкент қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы. Шымкент қаласы, Сайрам ауданының Құрметті азаматы.

2. Әбдіманап Ақмолда – еңбек ардагері, Шымкент қаласы арадагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.

3. Э.Д.Тілеуов – зейнеткер.

4. Ө.Т.Темір – Шымкент қаласының Құрметті азаматы, «Құрмет орденінің», «Үш би белгісінің» иегері.

5. І.С.Сманов – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, зейнеткер.

6. Ш.Медеуов – Шымкент қаласының Құрметті азаматы.

7. Қалыбай Пернебек – еңбек ардагері.

8. К.Әлекешев – еңбек ардагері.

9. А.Ермаханбетов – еңбек ардагері, Елбасының курстасы.

10. С.Бөлегенов – ардагер.

11. К.Бекенов – ардагер.

12. О.Русмов – еңбек ардагері.

13. Н.Жүнісов – Ауған соғысының ардагері.

14. М.Омаров – Шымкент  қаласы, Әл-Фараби ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы.

15. В.Құлымбетова – еңбек ардагері.

16. Г.Молдашева – еңбек ардагері.

17. Қ.Өмірәлі – еңбек ардагері.

Оқылды 2859 рет