Сәрсенбі, 19 Маусым 2019 22:05

Түркістан облысы: Жетісай аудандық мәслихатының сессиясында салық түсімдерін көбейту мәселесі талқыланды

Бүгін Жетісай ауданы әкімдігінде аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың қатысуымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясы өтті. Оған мәслихат хатшысы Әлихан Утанов, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ұйымдар мен мекеме басшылары қатысты. Сессияға аудандық мәслихат депутаты Жұмағали Төреқұл төрағалық етті. 

Сессияның күн тәртібіне Жетісай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы №10-47-VI «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі шығарылған болатын. Аталған мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Серікбай Пірімбеков арнайы баяндама жасады. Өз кезегінде сессиядасөзалғанауданәкіміЖамантайҚанайұлысалықтыңтүсімкөздерінкөбейтуді, нақтырақайтсақ, көлік, мүлік, үй, жерсалықтарынқадағалаудыәрітұрғындарғадеркезіндетөлеутуралытүсіндірмежұмыстарынкүшейтудітапсырды. Бұл қадамдар тыңғылықты жасалса, аудан қазынасын молайтуға зор септігі тиеді.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 1286 рет