Жұма, 12 Шілде 2019 20:24

Түркістан: «Арыс локомотив» депосында жағдай қалыпқа келді

«Арыс локомотив» депосында орын алған өрт ауыздықталып, жағдай толық қалыпқа келтірілді. Ал әлеуметтік желіде таралған «Луна бомбасы жарылады», - деген жалған ақпаратқа байланысты да мамандардың айтары бар. Сондай-ақ, Арыс қаласындағы жағдайдың дәл бүгінгі көрінісі көпшілікке қызық. Осы сауалдардың жауабын тиісті сала мамандары баспасөз брифингінде баяндады.

«Луна бомбасы жарылады Арысты тастап, қашыңдар ағайын», - деген жалған ақпарат сізді елең еткізген шғар. Сақ болыңыз! Алып-қашпа ақпараттарға сенбеңіз. ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Қайыргелді Құсайынов бұл хабарламалардың жалған екенін айтып, жоққа шығарып отыр.

Күні кеше Арыс локомотив депосының жөндеу цехы мен әкімшілік ғимараты отқа оранып еді. Жедел іске кіріскен өрт сөндірушілер кеш батқанша ауыздықтап үлгерді. Осы жағдайға байланысты Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Запаров ресми мәлімдеме жасады.

 Баспасөз брифингінде журналистерді қызықтырған тағы бір сауал Арыстың бүгінгі-жай күйі. Осыған байланысты Арыс қаласы әкімінің орынбасары ақпарат берді. Баспасөз брифингіне айтылған негізгі үш мәселе осы. Айта кетейін, Арыстағы төтенше жағдайға байланысты күн, сайын нақты әрі ресми ақпарат тисті сала мамандары тарапынан айтылып отыр. Оны біздің арнадан да көре аласыздар.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 687 рет