Семинарға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрбол Саттаров, аппараттың қызметкерлері, дербес бөлім басшылары қатысты. Жиын барысында Әмірдин Мұхиденұлы жергілікті атқарушы органдарда Әдеп кодексі талаптарының орындалуы барысы туралы баяндама жасады. Сондай-ақ жиында мемлекеттік қызметкерлердің қоғамдағы беделін арттыру, қызмет барысындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік мәдениетін қалыптасыру бағытында келелі әңгімелер айтылды. Семинар барысында қатысушылар әдеп уәкіліне көкейіндегі сұрақтарды қойып, жауаптарын алды.
Жиын соңында Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметкерлер мен аудан тұрғындарын жеке қабылдап, түрлі өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.