Дүйсенбі, 08 Шілде 2019 16:09

Түркістан облысы: Арыста 6769 үй жөнделеді

Қаладағы барлық үйлер саналып, жөнделетіндердің нақты саны анықталды. Тізімгі жалпы 8371 баспана алынып, оның 6977-і түрлі деңдейде жөнделетін болды. 

Бүгін Арыста облыс әкімі аппаратының кезекті селекторлық жиынын өткізген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қаланы қалыпқа келтіру бойынша жүріп жатқан жұмыстарды талқылады. Мәжіліске 17 секторға жауапты республикадағы барлық облыс әкімінің орынбасарлары мен жауапты басшылары қатысты.

Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев барлық құрылысты тұрақты түрде қадағалауда екенін айтып, соңғы мәліметтерді баяндады. Оның xабарлауынша, 2194 үйді қалыпқа келтіру қызу жүруде. Қалған 4575 баспанада осы аптада басталады.

Арыстағы құрылысқа 168 мердігер компания, 3531 құрылысшы тартылған. Алайда жұмыс күші аз. Кейбір облыстар қажетті мамандарды таппай жатыр. Жергілікті тұрғындардың атсалысуға ықыласы жоқ. Облыс басшысы осы орайда өңір xалқын қажетінше тартып, әрі жұмыспен қамтуды да тапсырды.

Зақымданған 66 әлеуметтік нысанның 62-сінде "Самұрық-Қазына" қоры жөндеу жұмыстарын бастады. Мұның 54-ін білім ғимараттары құрайды. Бұлар да жаңа оқу жылына толық аяқталуы тиіс.

Өңір басшысы Ө.Шөкеев тиісті жұмыстарды барынша жеделдетуді және сапалы түрде жүргізуді міндетті.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 867 рет