Жұма, 16 Тамыз 2019 22:10

Түркістан облысы: Шұбар ауылында аудан активінің көшпелі мәжілісі өтті

Аудан активінің көшпелі мәжілісі Шұбар ауылында жалғасын тапты. Мұндағы жиында аудан әкімі Әліпбек Өсербаев атқарылған жұмысқа емес, өзекті мәселелерге тереңірек тоқталғанды жөн санады. 

"Біткен тірлік – көпшіліктің көз алдында. Біз түйткілді мәселелердің түйінін тарқату жолдарын қарастыру үшін бас қостық", - деді аудан басшысы өз сөзінде. Шұбар ауыл округі әкімі Қыдырбай Сейтқұл кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, білім саласындағы өзгерістерді баяндады. Әліпбек Шәріпбекұлы ветеринария саласының жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді. Оған себеп – ауылдағы мал ауруларының кемімеуі. Сондай-ақ таза ауыз сумен қамтуда кезіккен қиындықтар талқыланып, ұсыныстар тыңдалды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану жайы да қозғалды. 

СоныменқатарШұбарауылокругіндегімәселелердіоңтайлышешубойыншабірқатараудандықдербесбөлімбасшыларысөзалып, ұсыныстарынжеткізді. Аудан әкімі Тоқсансай ауылындағы ескі ФАП ғимараты, Ә.Молдағұлова атындағы мектептің ескі ғимаратын пайдалану бойынша айтылған өтініштерді қолдайтынын атап өтті. Ауыл округі әкімдігінің жұмысын зерделей келе, кемшіліктерге жол берген мамандарға тиісті шара көруді тапсырды, жиын барысында берілген тапсырмалардың орындалуын өз бақылауында ұстайтынын да ескертті.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 1008 рет