Алғаш болып Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысында атқарылып жатқан жұмыстарымен орын алған кемшіліктер жайында баяндады. Қазіргі таңда атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысында орын алған мәселер бойынша қосымша зерделеу жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын айтып өтті.
Өз кезегінде аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшы Нүркен Әлмеш қазіргі таңда аудан бойынша 67 көшеге орта жөндеу (асфальт төсеу) 49 көше ағымдағы жөндеу (тас төсеу) ал жалпы қала бойынша 32 көше орта жөндеу, 6 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын баяндады.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Жамантай Қанайұлы қала тазалығына басты назар аударып, жүргізіліп жатқан жұмыстарды уақтылы аяқтауды тапсырды.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.