Сейсенбі, 20 Тамыз 2019 20:32

Түркістан облысы: Ордабасы ауданы әкімі Қарақұм ауылдық округінде аудан активінің көшпелі мәжілісін өткізді

Аудан әкімі Әліпбек Өсербаев Қарақұм ауыл округінде аудан активінің көшпелі мәжілісін өткізді. Қарақұм ауыл округінің әкімі Әміржан Досымов 2019 жылдың 6 айында тындырылған тірлік барысын баяндады. 

Ауыл әкімінің мәлімдеуінше, Қарақұм ауылы аумағында биыл 50 гектарға тамшылатып суғару әдісі енгізілген. Суармалы жер 40 гектарға ұлғайтылып, "Сыбаға" бағдарламасымен асыл тұқымды 25 ірі қара мал алынған. Жыл басынан бері мал бордақылайтын 2 алаң іске қосылған. 

Ауыл әкімінің баяндамасында көрсетілгендей, тартылған инвестиция көлемінің төмендігі, атаулы әлеуметтік көмекке өтінім берген отбасылардың көптігі аудан басшысының назарын аударды. Сондай-ақ Әліпбек Шәріпбекұлы зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға сауықтыру орындарына бөлінген жолдамалардың дұрыс үлестірілуін өз қадағалауында ұстайтынын жеткізді. Ауыл әкіміне бірқатар кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар беріп, орындалуын қадағалауды аудан әкімі аппаратының басшысы Мейрамбек Ақмұратовқа жүктеді.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 1222 рет