Сәрсенбі, 13 Қараша 2019 00:25

Түркістан облысы: Келес ауданы басшылығы Алпамыс батыр ауылы тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Ақментай Есбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Арын Тотиков тиісті бөлім және мекеме басшыларының, сондай-ақ «NurOtan» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасының Бірінші орынбасары Ахмет Жұмабековтің қатысуымен Алпамыс батыр ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. 

Әуелі А.Есбаев кездесудің маңыздылығына тоқталып, елдегі өзекті мәселені анықтап, көтерілген мәселелерді назарға алып, шешу екенін айтып өтті. Кездесу барысында ауыл округіндегі ағын және ауыз су проблемалары, шекараның Өзбекстан Республикасы аумағындағы тұрғындарды тұншықтырып жатқан полигон түтүнін тоқтату, қашыртқыларды тазалау, көшелерге шағал төсеу мен жарықтандыру, оқушыларды тасымалдауға көлік бөлу, электр жарығы бойынша трансформатор мәселесін шешу, жастарды қолдау мақсатында спорт ғимараты мен медпункт салу, шекарашыларға берілген қараусыз қалған ескі бала-бақша ғимаратын қайтару, ауылдағы кәсіпкерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету мәселелері көтерілді. А.Есбаев көтерілген мәселелер бойынша ағын су бойынша проблема бар екенін, оны шешу бойынша тиісті атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Мәселен, ауыз су мәселесі бойынша 2 ауылға ЖСҚ дайындалып бітіп, облыстық басқармаға бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс беріліпті. Ал Өзбекстан Республикасы аумағындағы полигон мәселесі мемлекетаралық мәселе екенін, оны шешу бойынша тиісті құзырлы органдар тарапынан жұмыстар жүріп жатқанын жеткізді. Көшеге шағал төсеу, жарықтандыру бойынша негізінен мектеп, балабақша және медициналық мекемелерге баратын көшелерді анықтап, басымдық берілетіні айтылды. Балабақша ғимаратын қайтару жайлы құжаттарды дайындау, трансформатор кімнің теңгерімінде екендігін анықтап, мәселені шешу және оқушыларды тасымалдауды тез арада шешу жайлы ауыл әкімі мен білім бөліміне нақты тапсырма берді. Сонымен қатар қашыртқыларды тазалау бойынша ЖСҚ жасалып біткендігін, келесі жылға облыстық бюджетке енгізуге ұсыныс берілгенін атап өтті. Спорт нысандары мәселесін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы шешуге болатынын, тиісті спорт үйірмелеріне штат мәселесі шешімін табатындығын, ауылдағы цех ашқан кәсіпкерге «Адалдық алаңы» арқылы қолдау жасалатынын жеткізіп, жиынды қорытындылады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1474 рет