Жексенбі, 15 Наурыз 2020 20:52

Түркістанда жедел штаб жиыны өтті

 Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 16 наурыз 8:00-ден 15 сәуір 7:00-ге дейін төтенше жағдай жариялаған болатын. Коронавирустың таралу қаупіне байланысты ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық, сондай-ақ, отбасылық, еске алу іс-шараларды өткізу уақытын кейінге шегерілуі айтылды. Осы мақсатта, қала әкімдігінде шаһар басшысы Рашид Абатұлының төрағалығымен жедел штаб жиыны өтті.

  Жиында Түркістан қаласы аумағында Төтенше жағдай уақытында қауіпсіздіктің алдын алу шаралары жүйелі жүретіні айтылды. Атап айтар болсақ, тойханалар, театр, көрме сынды халық көп шоғырланатын жерлер қызметін тоқтатып, оны қадағалау полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Базарлар жұмыс істегенімен, дезинфекциялау және тазалық жұмыстары күшейтілетін болады және үздіксіз жүргізіледі.Сонымен қатар, жарлыққа сай азық-түлік дүкендерінің жұмыс істеу-істемеу шешімін әрбір жергілікті атқарушы органға тапсырылған болатын. Сондай-ақ  Түркістан қаласының әкімі  Рашид Абатұлы, азық-түлік дүкендері және дәріханалардың жұмысы тоқтамайтынын айтты

.

 

Оқылды 563 рет