Тарихы көшпенділер өркениетінен, кейінгі қазақ хандығынан бастау алатын тәуелсіз Қазақстанның өзге елдермен терезесі тең, зайырлы мемлекет болып, әлемдік қауымдастықтық ажырамас құраушысына айналғанына 30 жылға жуықтады.
Қай ғасыр, қай дәуірде болмасын ұлт тағдырына әсер ететін сын сағаттары болды, бірде жаугершілік, бірде жұт, тағысын тағы. Тарихтың қай соқпағы болмасын қазақ халқы шырғалаңнан жол тауып, қиындықтар мен дағдарыстарда мойымай, кесапат пен кесірді бірауыздылықпен, бірлік-ынтымақпен жеңіп отырған. Ел билеген сұлтандар, би-даналар мен абыздар елді бір сөзге келтіріп, алысты болжап пәтуә қылған. Сол бір ата дәстүрдің жолымен Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы ел ішіне жол тартты.
2020 жылы әлемді алаңдатқан, әлемдік экономиканың даму қарқынын, жаппай тұтынушы қоғамның тіршілігін бір пәсте баяулатып қойған коронавирус індетінің таралуы жағдайында елді бірлікке, ынтымаққа, сабырға шықырған пәтуәлі жазба, «Мәңгілік елдің» - бүгінгі күн тәртібі.
Даналықпен, көрегендікпен жазылған хат, бағыт-бағдар, нұсқама. Бағалай білгенге - құт. Ұғына білгенге - ұлт тағдыры.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.