Жұма, 10 Сәуір 2020 12:47

Түркістан: Түлкібас ауданында 4 мың дана бетперде тегін таратылды

Бүгінде Түркістан облысы Түлкібас ауданында медициналық бетпердеден тапшылық жоқ. Өйткені жергілікті аудан тұрғындары ерікті түрде бетперде тігу ісін қолға алып, халыққа көмек қолын созуда,-деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, бүгін елімізде бастау алған "Мейірімді ауылдастар" акциясына облыстың әрбір аймағы қатысып жатыр. Соның ішінде Түлкібас ауданы белсенділік тантып, өз үлестерін қосуда алдыңғы қатарларда. Акция аясында Түлкібас аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Тұрар Рысқұлов ауылында халық көп шоғырланатын «Халық банкі», «КазПочта», аудандық орталық емхана және бірқатар ірі сауда орталықтарында ерікті тұрғындар тарапынан тігілген 4000дана бетперде тегін таратылды.

 Игі іске аудан тұрғындары ризашылдықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Бетпердені тарату жұмыстарына аудан әкімдігінің қызметкерлері де ат салысты.

 Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы уақытта дәл осындай игі істер ауданның өзге елдімекендерінде де өз жалғасын табатын болады.

 

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 480 рет