Сенбі, 11 Сәуір 2020 15:45

Түркістан: Қазығұрт ауданында азық-түлік бағасына партиялық мониторинг жүргізілді

Қазығұрт ауданы орталығындағы «Ешанқұл ата» базарындағы және Жаңабазар ауылындағы ірі әлеуметтік азық-түлік сатушы кәсіпкерлік нысандарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Мониторингтік топ құрамында партиялық бақылау комиссиясының төрағасы С.Сеңгірбаев мүшелері А.Тасай, А.Ақынғазиева, Ж.Сәрсен, аудандық партия филалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Қожахан, аудандық «Атамекен» ҰКП директоры С.Мамытбеков, Қазығұрт ауыл округі әкімінің орынбасары М.Көпеев, аудандық УПИ О.Жарықбаев, Жаңабазар ауыл округі әкімідігінің маманы Е.Аршабаев қатысып, әлеуметтік азық-түліктің бағасына мониторинг жүргізді.

Сатушыларға бағаны негізсіз өсірмеу, облыс бойынша бекітілген шектік бағдан асырмау, қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде ұсыныстар берілді. Барлық дүкен егелеріне азық-түліктердің шектік мөлшерінің бағаларын халық көретін жерге жариялап, ілу міндеттелді.

Сондай-ақ азық-түлік бағасының негізсіз көтерілген жағдайда аудан әкімдігі тарапынан тиісті шаралар көрілетіндігі ескертілді.

Сондай-ақ Қазығұрт ауылында жеке кәсіпкерлерге POS-терминал орнату бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Мобильдік топпен коронавирус пандемиясының таралуын алдын алу мақсатында Қазығұрт ауылы округінде орналасқан жеке кәсіпкерлерге POS-терминал орнату бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 523 рет