Сенбі, 11 Сәуір 2020 16:39

Түркістан: Сарыағаш ауданының әкімі #Bizbizgemiz акциясына өз үлесін қосуда

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округіне қарасты Еңкес елді мекенінен COVID-2019 індетімен бір тұрғын тіркелуіне байланысты ауыл толығымен карантинге жабылып, блок-бекеттер тәулік бойы жұмыс істеуде. Жергілікті тұрғындар арасында үрей де жоқ емес. Осындай қиын жағдайда аудандағы тұрмысы төмен отбасылар да назардан тыс қалып жатқан жоқ.

Осыған орай бүгін аудан әкімі Мұхит Отаршиев және ауданның еріктілері Еңкес елді мекеніне арнайы барып, #Bizbizgemiz акциясы аясындағы қайырымды бастаманы жалғастырды,-деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ауданның жаны жомарт демеушілері тарапынан ұсынылған тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түліктерді аталмыш ауылдағы жалғыз басты қарттар мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және тұрмысы төмен көпбалалы 50 отбасының әрбіріне бір қап ұн және әр түрлі азық түліктен тұратын әлеуметтік корзиналар дайындалып, жеткізілді.
Көмек қолын созған азаматтарға ауыл тұрғындары шынайы ризашылықтарын білдірді.
Аудан басшысы алдағы уақытта да Еңкес елді мекені аудан әкімдігінің басты назарында болатынын жеткізді. Бұндай игі жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 764 рет