«Аудан аумағындағы «Shymkent Plaza», «Mega Planet», Орталық әмбебап дүкен (ЦУМ) және «Береке» атты 4 ірі сауда орталығы жабылған. Ал «Акбар» және Орталық қырғы базарлардың жұмыс істеу уақыты шектелсе, «Дархан» базары толық жабылды. Жұмыс істеп тұрған базарлардың аумағында күніне 2 рет дезинфекция жасалуда. Сондай-ақбазар әкімшіліктері саудагерлер мен келушілердің медициналық бетперде мен қолғап киюін және қолды антисептикалық өңдеуден өткізуін қадағалап отыр», - деді Ғабит Патшаханұлы.
Қазіргі таңда аудандағы 12 кәсіпкерлік нысаны дене қызуын өлшегіш тепловизормен қамтылған. Бүгінгі таңда барлық кәсіпкерлік нысандарды осындай құрылғылармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.
Аудан әкімінің айтуынша, 45 кәсіпкерлік нысаны өз еркімен жабылды. Алшектеулерді ескермеген және санитарлық талаптарды орындамаған 175 кәсіпкерге әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Сондай-ақШымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзған 5 азамат 3 тәулікке қамауға алыныпты.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.