«Аудан бойынша дезинфекция жұмыстарын жалпы 14 сервистік қызмет көрсетуші мекеме атқарып отыр. Залалсыздандыру жұмыстарына демеушілер де атсалысып жатқанын атап өткен жөн», - деді аудан әкімі. Оның айтуынша, залалсыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізеді. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген. Қолданылып жатқан ерітінді адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз.
«Аудан аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған 192 қоқыс алаңшасына қызмет көрсетуші «ОрионНовТех» ЖШС және «ЭкоСпецТранс» ЖШС мекемелері тарапынан залалсыздандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде», - деді Ғ.Мәуленқұлов. Оның айтуына қарағанда, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан шаһардың 125 көшесінің ұзындығы 280 шақырымды құрайтын бөлігін залалсыздандыру жұмыстарын атқаруға 20 дана техника, 20 адам және 1148 аялдама мен қоқыс жәшіктерін залалсыздандыруға 12 техника, 35 адам жұмылдырылып, залалсыздандыру жұмыстары атқарылу үстінде.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.