Төтенше жағдайға байланысты қысқартылған жұмыс кестесіне көшкен орталықта залалсыздандыру жұмыстары күніне екі рет жүргізіледі. Сонымен қатар әр аптаның дүйсенбісінде күрделі тазазалық күні белгіленген. Сауда орталығының санитарлары базардың бүге-шүгесіне дейін химиялық заттармен өңдейді.
«Біз әр күні таңғы сағат 9:00 және 16:00-де вирустарды жою үшін дизинфекциялық шараларды қатаң түрде өткіземіз» - дейді Орталық қырғы базардың әкімшісі Мақсат Есенбеков.
Бұл базар қаладағы Әл-Фараби ауданының шеңберінде орналасқан. Аталмыш аймақта бұдан басқа 2 базар, 40 жуық тойхана 50-ден астам қоғамдық тамақтану орны бар. Жалпы, аудан бойынша санитарлық ахуал бірқалыпты.
Сауда орталығының сатушыларымен қатар мұнда келушілерге де талап қатаң. Қақпа алдында тұратын санитарлар әр адамды тепловизор арқылы тексеріп кіргізеді. Сонымен қатар тұтынушылардың бетперде тағып кіруін қадағалайды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.