Аудан тұрғындарына талондық қызмет көрсетілуде. Оның ішінде несие, коммуналдық төлем, ақша аударымы, төтенше жағдайға байланысты беріліп жатқан 42.500 теңгелік әлеуметтік төлем, т.б. қызметтер. 42.500 теңгеге байланысты тұрғындардан наразылық жоқ. Төтенше жағдайға байланысты аталмыш нысанда АІІБ қызметкерлері мен Майлыкент а/о мамандары тәртіпті реттеу жұмыстарын басты назарда ұстап тұр. 42.500 теңгелік әлеуметтік төлем бойынша сәуір айының басынан бері 3000-нан аса аудан тұрғындарына қызмет көрсетіліп, жекек есептік банкоматтық карточкаларына ақшалай төлем түскен. Қазпошта АҚ Түлкібас аудандық пошта байланыс торабы бөлімінің "Сәлемдемелер" супермаркеті баяғы қалпында қызметі жалғасуда, ТЖ байланысты жеткізу уақыты созылуда. Несиеленіру және заңды тұлғаларға қызмет көрсету бөлімі банктің 5 филиалымен агенттік қызмет көрсетуде. Атап көрсетсек "АТФ", "Eurasuan Bank", "Альфа-Банк", "AsiaCredit Bank", "БТА БАНК" банктері. Хат-хабар, газет таратылымы бойынша сұрыптау бөлімі арқылы күнделікті жұмыс уақытылы жүргізіліп, тасымалдауда.
ТЖ сәйкес 65 жастан асқан зейнеткерлер мен І, ІІ, ІІІ топ мүгедектеріне зейнетақылары мен жәрдемақыларын үйме-үй жеткізіп отыр. Қорытындылай келе аталмыш мекемеде заң бұзушылық фактілері анықталмады. Пошта қызметінің жұмысының қызметтері сол баяғы тәртіпте, 42.500 әлеуметтік төлемге байланысты жұмыс күшейген. Қазпошта АҚ Түлкібас аудандық пошта байланыс торабының басшысы Досыбек Асқар Саинұлы қызмет көрсету жұмыстарымен таныстырды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.