- Шымкент қаласының аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты жүк транзиттік автомобильдерін, сондай-ақ қала мұқтажы үшін азық-түлік тауарларын тасымалдайтын жүк автомобильдеріне рұқсат берілген. Дегенмен, жеңіл көлікпен кіруге болмайды. Карантин талаптарын орындап, базаға енгізілген кәсіп иелері аз емес. Егер шаруа қожалықтарына, жылыжайларға қажетті заттар алу үшін қаладан шыққан жағдайда, қайта кіруге тек жүк көлігіне ғана рұқсат беріледі, - деді қала әкімінің орынбасары. Ережеге сәйкес, азық-түлік тауарларын жүк көлігімен тасымалдау үшін жүк көлігіне жүк тиелген немесе бос, жүргізуші және екі жолаушыдан артық болмауы тиіс. Мәселен, олар құрылыс материалдарын, жанар-жағар май, тұқым, көшеттер, ауыл шаруашылығына қажет тыңайтқыштарды тасымалдауы мүмкін. Бұл ретте жүк көліктерінің қаладан шығуына кедергі жоқ.Сондай-ақ брифингте сөз алған Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков тауар өндірушілердің жүк көліктерімен қалаға кіріп-шығуы қатаң бақылауда екенін атап өтті.
- Көктемгі егін егу науқаны кезінде қала аумағындағы барлық бекеттерде әкімдік және полиция департаменті мамандарымен бірлесіп жедел штаб ұйымдастырылған. Сонымен бірге, арнайы call-орталығы жұмыс істеуде, онда өтініштер (мекеме атауы, қызметкер ЖСН, автокөлік мемлекеттік нөмірі) ақпаратты көрсете отырып электронды түрде қабылданып, «Сергек блокпост» ақпарат базасына енгізіледі. Блок бекеттердегі көліктер бейнебақылау арқылы тұрақты бақылануда, - деді Асқар Сәкенұлы. Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте көліктер мен азаматтардың қозғалысын тіркейтін Shym-karantin.kz порталы іске қосылған. Тұрғындар аталған сайтқа кіру арқылы өздерінің немесе көліктердің қала ішінде жүруіне рұқсат етілгенін біле алады. База күн сайын жаңартылып отырады.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»