Дүйсенбі, 27 Сәуір 2020 12:57

Рашид Абатұлы қаланы көгалдандыру жұмыстарын бақылады

 Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы жаңа жұмыс аптасын  қаланы көгалдандыру жұмыстарының кестеге сай жүріп жатқандығын бақылаумен бастады.

Мамандар қаладағы ағаштарды жаңа тәсілмен суаруда. Бұған дейін арнайы су таситын техникамен суарылған болса, бүгіннен бастап тамшылатып суару әдісінің жандануы нәтижесінде, автоматты жүйе іске асты. Әр қоршауға үш адам қарайлап, ағаштардың толығымен суарылуына және артық шөптерден арылуына жауап береді. Ол үшін ұңғымалар қазылған, сағатына 8 литр су береді.

Қала әкімі барған Батыс Еуропа-Батыс Қытай айналма тасжолының екі бетінде бозарша, терек, қараағаш, павлония сынды 22500 ағаш отырғызылған. Мұндай автоматты суару жүйесі С. Ерубаев, С. Қожанов көшелеріне де қойылған. Автоматты басқарудың нәтижесінде мұнда бөлінетін жұмысшы саны азайып, олар қаланың өзге бөлігіндегі суландыру, көгалдандыру жұмыстарының жылдам жүзеге асуына сеп болады.

Қаланы барынша көгалдандыру жұмыстарын пысықтап, жауаптыларға тиісті нұсқаулар берген Рашид Аюпов көгалдандыру нәтижесінде климаттың жақсара түсетінін алға тартып, жұмыстарды жүйелі жүргізуді тапсырып, түс қайта толығымен суарылғанына көз жеткізетінін айтты.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат. 

 

Оқылды 657 рет