- Қалада жалпы 1900-ден астам дүкен бар. Қазір олардың 157-сіне жоғарыда аталған 9 тауар түрін шекті бағамен сату керегі ескертілген. Бірер күнде барлық кәсіп иелері құлақтандырылады. Одан әрі бағаны асырған дүкен иелеріне ескертусіз айыппұл салынады, - деді қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов. Әлеуметтік маңызы бар 9 түрлі азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұру үшін әкімдік пен «GraMad Retail» ЖШС-мен келісім түзген. Қазіргі таңда аталмыш серіктестіктің қоймасында азық-түлік қоры жеткілікті. Оған қоса тауарлардың көтерме бағасы тұрақты. Келісім негізінде серіктестік өзінің 2 супермаркетінде азық-түлікті белгіленген бағада сатып жатыр.
Енді «GraMad» супермаркетіне «Magnum» «Фиркан» сауда желілері де қосылды. Қазір қала аумағында бекітілген бағамен азық-түлік сатып жатқан 21 сауда желісі бар. Оған қоса «GraMad» супермаркеті қаладағы «Алаш», «Жібек жолы», «Қапланбек», «Акбар» және «Айна» базарда арнайы көлікпен жылжымалы сату нүктелерін ұйымдастыруда. «GraMad», «Magnum», «Фиркан» супермаркеттерінің 21 сауда нүктесі мен бес базардағы жылжымалы орындарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағада сатылуда.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»