Жексенбі, 03 Маусым 2018 13:11

Шымкенттіктер бастама көтерді

Шымкенттің төрт ауданында қаланың дәрежесіне орай конференциялар өтті. Еске салайық, 17 мамыр күні Мемлекет басшысы Шымкент үшінші миллионды қала атанғаны туралы ресми мәлімдеген болатын.

Аудандарда өткен конференцияларға мыңға жуық адам қатысты. Олар – көшелер мен үй төрайымдары, қаланың ақылдастар кеңесінің мүшелері. Конференциялар барысында тұрғындар осынау оқиғаға қатысты өз пікірлерін белсенді түрде білдіріп, Шымкенттің дәрежесі өзгеруіне байланысты бір ауыздан үндеу қабылдау ұсынылды.

Конференция барысында Шымкенттің қарқынды дамып келе жатқан қала екені, барлық шымкенттіктердің ел дамуына қосқан үлесі талқыланды. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік-аймақтық құрылым туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3-бабында «Республикалық маңызы бар қалаларға ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе тұрғындарының саны миллион адамнан асатын елдімекендер жатады» деп көрсетілген. Ал бұл – Президенттің Жарлығы қабылданған соң Шымкенттің республикалық маңызы бар қала атануына мүмкіндік бар деген сөзі.Тұрғындар бұл ұсынысты бір ауыздан қабылдады. Еске салайық, күні кеше облыс және қала әкімдері Шымкент тұрғындарына арнап үндеу жолдаған болатын. Әкімдер онда қала тұрғындарын Шымкенттің миллионнер қала атануымен құттықтады.

«AQ-QARA.KZ  - ақпарат» 

Оқылды 1150 рет