Сенбі, 16 Маусым 2018 09:57

Депутаттар «Шымкент-ситиде» салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты

Шымкент қалалық Мәслихатының депутаттары «Шымкен-сити» жаңа шағынауданында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Ауданда барлығы 31 көпқабатты тұрғын үй салынуда. Құрылысшылар жыл соңына дейін олардың 14-ін тапсыруды жоспарлап отыр екен.

Бұл коммуналдық тұрғын үй. Шымкенттің 27 үйіндегі пәтерлердің кілттері құрылыс аяқталғаннан кейін кезекте тұрған шымкенттіктерге тапсырылады. Мемлекеттік бағдарлама бойынша көпқабатты үйлерді салуға 18 миллион 600 мың теңге бөлініпті. Ғимараттар жоғары төзімділікке ие темірбетон конструкцияларынан құрастырылған. Халық қалаулылары бұған көз жеткізді. Олар сондай-ақ, инвесторлардың ақшасымен салынған үйлердің құрылысы барысымен танысты.

Қалалық мәслихат депутаттары тек сапасын ғана емес, сондай-ақ пәтерлердің қолжетімділігін де бағалады. Қарапайым азаматтар үшін тұрғын үй арзан болуы керек деді бірауыздан.

Мердігерлер үйлерді ӘКК-мен бірге салып жатырмыз дейді. Пәтерлер ішінара жиһазбен жабдықталады, осыған байланысты бұл үйлердің бағасы біршама жоғары болмақ. «Біз бір үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға бердік. Содан кейін қалай болғанын көре жатамыз»,-дейді олар.Әрбір құрылыс компаниясы пәтерлерді әртүрлі жобамен салуда екен. Осыған орай, пәтерлердің квадратурасы да әртүрлі болуы мүмкін. Орта есеппен алғанда, тұрғын үй алаңы 40-тан 100 шаршы метрге дейін болмақ.

«AQ-QARA.KZ  - ақпарат»

Оқылды 1252 рет