Күш, қуат, әсемдік, мотордың гүрілі. Әрбір мотоциклге Қазақстанның көк байрағы мен шаһардың логотипі бейнеленген жалау қондырылған. Қаз-қатар тізілген шеру кешкі сағат бесте Бәйдібек би ескерткішінен бастау алды. Байкерлер қаланың үлкен көшелерін бойлай жүріп Бекет батыр көшесіндегі жаңа арбатқа аялдады. Ондағы серуен құрып жүрген жұртшылықты құттықтап, ізгі тілектерін арнады. Мұнан соң Республика даңғылына түсіп, тізгінді Әл-Фараби алаңына қарай бұрды. Ал мотошерудің нүктесі Тәуелсіздік саябағында қойылды.
Әрине, мотобайкерлердің қарасын бұдан да қалыңдатуға болар еді. Алайда ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараға көп адам шақырылмапты. Өйткені қала көлемінде көлік кептелісіне әсер етуі ықтимал екен.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.