Дүйсенбі, 25 Маусым 2018 11:19

Шымкентте балаларға арналған сән көрсетілімі өтті

Шымкентте балаларға арналған сән көрсетілімі өтті. 13 дизайнер қыздар мен ұлдарға арналған үздік және стильді жаңа туындыларын көрсетті. Бағаның қолжетімділігі туралы айтуға тым ерте, бірақ сарапшылар атап өткендей, Шымкенттегі көрсетілім жаңа, неғұрлым кәсіби деңгейге көшкен.

Шымкентте отандық және шетелдік дизайнерлердің брендтік заттарын көруге мүмкіндік беретін сән көрсетілімдерін өткізу дәстүрге айналып келеді. «Made in Kazakhstan» таңбасы бар киімдерді көрсетілім кезінде-ақ сатып алуға мүмкіндік жасалды. Айтпақшы, шоуға қатысқан жас модельдер түрлі модельдік мектептерден іріктелді. Ұйымдастырушы Джия Мыңбаев отандастарының жұмыстарымен мақатанатынын айтты.  Оның пікірінше қазақстандық дизайнерлер киімдерінің сапасы мен бірегейлігі жағынан еуропалық әріптестерінен еш қалыспайды.

«Kids Runway Show Kazakhstan» сән көрсетіліміне 13 дизайнер мен танымал әлемдік киім брендтерінің өкілдері қатысты. Дина Елімбек подиумда «TURAN collection» атты брендімен қыздарға арналған балалар киімін ұсынды. Бұл бисерден жасалған әшекейлері бар ыңғайлы және заманауи киімдер. Ер балаларға танымал суретшінің жұмысына негізделген «TURAN nomad» форматы ұсынылды. Аталмыш брендтің қазірдің өзінде табынрушылары пайда бола бастаған.

Сән көрсетілімі балаларға арналған нағыз музыкалық шоуға айналғанын айта кетейік. Подиумда 4-тен 17 жасқа дейінгі жас модельдерден басқа, мультфильм кейіпкерлері де жұмыс істеді және шоудың ең басты ерекшелігі сән топтамаларын би номерлері арқылы көрсету болды.

«AQ-QARA.KZ  - ақпарат»

Оқылды 11144 рет