Қайрат Ырзақұлұлы мемлекеттік басқару ісінде жоғары тәжірибелі маман. Бұған дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің кадрлық қамтамасыз ету департаментінде, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мұнай өнеркәсібі департаменті, ҚР Президенті Кеңсесі, ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет атқарған.2015 жылдың 26 қаңтарынан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді. 2018 жылдың 4 шілдесінен бастап Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.
Қала әкімінің бірінші орынбасары болу жауапкершілікті екі есе арттыра түсетіні сөзсіз. Біраз жылдан бері Шымкент қаласының әкімі қызметін абыроймен айтқарып келген Қайрат Ырзақұлұлына жаңа қызметінде табыс тілей отырып, Шымкент қаласының дамуына сүбелі үлес қосып, халықтың көңілінен шығатын бастамалардың басы-қасында жүре беруіне тілектестігімізді білдіреміз.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»