Бейсенбі, 12 Шілде 2018 14:02

Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында кездесу өткізді

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкент қаласындағы №42 Хамза атындағы жалпы орта мектебінде кестеге сәйкес 10 шілдекүні қала тұрғындарының электрондық цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында «Базалық» бағдарламасы бойынша электронды құралдарды пайдалану, үйрету, түсіндіру іс-шарасы өткізілді. 

Осы іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі Рашид АбатоллаұлыАюпов қатысты. Ол тұрғындармен бағдарлама аясында кездесу өткізді.

Р.Аюпов алдымен жиналған қауымды Шымкенттің еліміздегі 3-ші мегаполис болғанымен құттықтап, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаты мен міндеттерімен таныстырып өтті.
Ол өз сөзінде заман ағымына қарай әрбір тұрғын жас ерекшелігіне қарамастан керекті құжаттарын 30 қызмет бойынша кез келген жерден электронды үкімет қызметтерін пайдалана отырып ала алатындығы жайлы және өз уақыттарын үнемдей алатынын, өмірлік тәжірибеден ала отырып, тұрғындарға жеткізе білді.

Тұрғындар өздерін ойландырып жүрген сауалдарын қойып, жауап алды. Сонымен қатаросы кездесуден әрбір тұрғын өзіне пайдалы мәлімет алып, болашақта тиімді болатынына көз жеткізді.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1379 рет