Бауыржан Жаймұрзынұлы МВА дәрежесіне ие (М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Ресей Федерациясы, «Құқықтану» жоғары тәжірибелі білімі бағыты (мамандығы) бойынша Іскерлік әкімшілендіру шебері (МВА), 2014 жыл), мамандығы – инженер-экономист (Жамбыл технологиялық институты, «Экономика және менеджмент» мамандығы, 1997 жыл) және заңгер (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, «Құқықтану» мамандығы, 2002 жыл).
Мемлекеттік органдарда, қаржы жүйесінде, ұлттық компанияда, ірі жекеменшік компанияларда жауапты қызметтерді атқарды. «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» Акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарған.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін «Staier group» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы, «Baikadam-Holding» компаниясының бақылау кеңесі тобының мүшесі қызметтерін атқарды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.