Дүйсенбі, 16 Шілде 2018 18:36

Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

ҚР "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының жекелеген мәселелері туралы» Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың шешіміменШымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы тағайындалды. 

Гүлжан Мамытқызы еңбек жолын Шәуілдір жолаушылар көлігі мекемесінің кассирі, Қызылқұм аудандық қаржы бөлімінің кіріс есебінің инспекторы қызметтерінен бастаған. Одан кейін Шымкент қаласы әкімшілігінің қаржы бөлімінің инспекторы, бас экономисі, ОҚО білім департаментінде бас маман, Шымкент қалалыққаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2007-2010 жылдар аралығында Шымкент қалалық қаржы бөлімінің бастығы, 2010-2012 жылдар аралығында Шымкент қалалық экономика және қаржы бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

2012 жылдың мамыр айынан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді. 2018 жылдың 4 шілдесінен бастапШымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне қайта тағайындалды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1409 рет