Нұрсадық Ергешбекұлы1972 жылғы 22 тамызда туылған.Білімі – жоғары. 2014 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Ал еңбек жолын 1993 жылы «Дамет» сақтандыру қоры филиалының директоры қызметінен бастаған. 1998 жылы – «Энергоснабгрупп-2030» ЖШС бас директоры, 2003 жылы – «Түркістан энерго» ААҚ директорының орынбасары, 2004 жылы – «3-Энергоорталық» АҚ директорының орынбасары, 2005 – «Центра Азия Цемент» ЖШС директоры, 2014 жылы «Корпорация Евразия» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді.
Ал 2017 жылдан бүгінгі таңға дейін «Қуатжылуорталық» МКК директоры қызметін атқарып келді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.