Сейсенбі, 24 Шілде 2018 20:38

Шымкент: Еңбекші ауданы әкімдігі әлеуметтік желілермен де халыққа жақындай түсті

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты төмендегі әлеуметтік желілер арқылы сын-ескертпелер мен өтініштер қабылдайтынын аудан тұрғындарының назарларына ұсынады: 

Instagram – akimat.enbekshi

WhatsApp – Телефон: 8 747 510 90 55

Бұған қоса Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2018 жылғы 16 шілдедегі №4-ө өкіміне сәйкес Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін күн сайын сағат 09:00-ден 10:00-ға дейін жеке қабылдайды.

Мекенжайы: Еңбекші ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Толстой көшесі, 119-үй. Қабылдау бөлмесінің телефоны: 43-31-98; ұйымдастыру-бақылау бөлімінің телефоны: 53-27-43.

Еске салайық, түнеугүні шаһар әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қала активінің отырысында «Аудан әкімдері халықпен жаңа кесте бойынша жұмыс істейтін болады. Бұған дейін аптасына бір рет азаматтарды қабылдап келген аудан әкімдері ендігі жерде халықпен күн сайын кездеседі» деп тапсырма берген болатын.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1726 рет