Аталған мәжіліс барысында «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалы Саяси кеңесі Бюросының ұсынысымен, Партия төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың бұйрығына сәйкес, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының орынбасары қызметіне Төлегенов Бекайдар Мұсаұлы тағайындалды.
Бекайдар Мұсаұлы 1962 жылы Шымкент қаласында туған. Білімі - жоғары. Еңбек жолын 1979 жылы Кентау байыту фабрикасында жұмысшы болып бастаған. Шымкент автопаркінде, «ЮжКазЭнерго» бірлестігінде инженер, коммерция бөлімінің бастығы болған. Кейіннен «Энергоорталық-3» акционерлік қоғамында бас директордың орынбасары болып жұмыс жасаған. 2006 жылдан бүгінге дейін «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Партия филиалының төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов жаңа орынбасарларының жұмыстарына сәттілік тіледі.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»