Жексенбі, 19 Тамыз 2018 10:35

Түркістан облысы: мемлекеттік қызметшілер арасында сауалнама жүргізілді

Сайрам ауданы әкімінің өкімімен бекітілген аудан бойынша жергілікті атқарушы органдардағы әдеп жөніндегі уәкіл функциясы аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Ғ.Айтқұловқа жүктелуіне байланысты барлық ауылдық округтерде және дербес бөлімдерде мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп нормаларын сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында арнайы кесте түзілді.

Түзілген кестеге сәйкес, 2018 жылдың 2 тамыз күні Ақсукент ауылдық округінде 10-00, Ақбұлақта 15-00, Қарамұрт ауылдық округтерінде 17-00 де, 7 тамыз күні Қарасу ауылдық округінде 10-00, Манкент ауылдық округінде 12-00, Жібек жолы ауылдық округтерінде  15-00 де, 9 тамыз күні сағат 10-00 де Қайнарбұлақ ауылдық округінде кездесулер өткізіліп, ауылдық округі әкімі аппаратының барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қатысуымен, әдеп кодексі талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, кездесу барысында анонимді сауалнамалар жүргізілді.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 1070 рет