Акцияға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қалалық кәсіпкерлік бөлімі, қалалық білім бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, қалалық партия филиалының қызметкерлері, қала және ауыл тұрғындары қатысты. Аталаған іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асылбеков Сағынбек Жақсыбекұлы жетекшілік етті. Акцияның негізгі мақсаты жайлы ол «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыруды қамтамасыз етуші мемлекеттік органдарға халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын түсіндіріп, оған жастарды, жұмыссыздар мен азқамтылған, өздігінен жұмыс істейтін тұлғаларды тарту жөніндегі бірлестіктер жұмыстарын ұйымдастыру үшін пікір алмасу алаңын ұсыну екендігін айтты. Іс-шараны өткізу барысында барлық қатысқан азаматтарға, жеке және заңды тұлғаларға жұмыспен қамту мәселелері бойынша білікті көмек, тиісті кеңестер беріліп, заңнама нормалары түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.