Дүйсенбі, 20 Тамыз 2018 16:58

Түркістан облысы: Мақтаарал аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Мақтаарал ауданында аудандық мәслихаттың кезектен тыс өткен отыз алтыншы сессиясында төрт мәселе қаралып, депутаттардың талқысына салынды. 

Ең біріншіден, халық қалаулылары аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру туралы шешімнің жобасын қарады. Онда бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі, әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі, әкімшілік құрылым және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиялардың әрқайсына 3 депутаттан ұсынылды. Осылайша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамын сайлау дауысқа салынып, шешім қабылданды.

Депутаттар аудандық мәслихаттың 2018 жылға арналған жұмыс жоспары туралы шешімнің жобасын да ортаға салып талқылады. Қабылданған шешім бойынша, аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің есебі, аудандық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі басшысының есебі, сондай-ақ 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет мәселелерін қарау жұмыс жоспары бекітілді.

Айта кетейік, сессия отырысындағы соңғы талқыланған жоба Мақтаарал ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы болды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 880 рет