Аталған нысанның сәулеттік көрінісінен Жетісай жерінің ерекшелігі мен тың тарихы мен-мұндалап тұруы тиіс. «Қақпа құрылысын тез арада бастап жіберуіміз керек. Өйткені, ауданымызға келетін қонақтар әзірге қай ауданға кіріп бара жатқанын жақсы сезіне алмауда. Бұл кіреберіс қақпаның жоқтығынан. Сондықтан елі еңбекқор, жері тың, ақ алтынның отаны саналатын ауданның кіреберіс қақпасының құрылысы сапалы әрі биік көзге ерекше көрінетіндей болуы тиіс»,- деді Жамантай Қанайұлы.
Қақпа құрылысы аяқталса, аудан шекарасынан Жетісай қаласына кіріберіске дейінгі жол жиектері абаттандырылатын болады. Осы мақсатта қазір көше бойларындағы жерасты су көлкіп жататын сайларға топырақ төселіп, тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Яғни алдағы күз айларында ағаш отырғызу үшін арықтар тартылып, жан-жағы шарбақпен қоршалмақ.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.