Алдымен депутаттар "Нұр Отан" партиясы Ордабасы аудандық филиалының ғимаратында ауданның еңбек ардагерлерімен кездесіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Бес әлеуметтік бастамасынан" туындайтын міндеттер жөнінде сөз қозғады, ауылшаруашылық, білім салаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар тыңдап, көпшілікпен пікірлесті. Сондай-ақ, халық қалаулылары Бөген ауылындағы "Ордабасы Агро" және Төрткүл ауылындағы "Рамазан Агро" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің жұмысымен танысып, кооператив мүшелерімен жүздесті.
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ғалымжан Үсенбаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Баймахан Сәдуахасов аудандағы атқарылған жұмыстармен қатар, өзекті мәселелер жайын қозғап, депутаттарға ұсыныстарын жеткізді. Шаруалардың да айтары бар екен. Субсидия, жанар-жағар май, тік дренаждарды іске қосу мен каналдардың жұмысына қатысты сұрақтарын қойып, өтініш-тілектерін айтты.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»